Созылмалы шаршауды қалай жеңуге болады

Әрбір адам әлсін-әлсін өзін шаршағандай сезінеді. Бірақ егер бұл үнемі орын алса – жедел шаралар қолдану қажет. Қандай? Біздің мақаланы оқып біліңіз. 

Басымдықтарды дұрыс жайғастырыңыз және өз уақытыңызды жоспарлаңыз 

Жұмыста сіз бір ай уақыт жетпейтін істердің шексіз тізімін жазасыз, ал сіз барлығын бір аптада үлгеріп жасауды жоспарлап отырсыз. Өзіңізді алдамаңыз – мұның бәрін соншалықты жылдам орындауға болмайды. Орындалмайтын жоспарлар құрмаңыз – одан да басымдықтарды дұрыс жайғастырып, өз уақытыңызды дұрыс бөліңіз. Барлық маңызды тапсырмаларды өзіңіздің өнімділігіңіз жоғары болған кезде орындауға тырысыңыз (тәуліктің қай уақытында екенін өзіңіз білесіз).  Таңертеңнен бастап айтарлықтай қарапайым істермен айналасу – поштаны реттеу, құжаттарды тәртіпке келтіру және т.б. Ең бастысы – өзіңіздің уақытыңыз неге кететінін біліңіз.   

«Жоқ» деп айтуға қорықпаңыз 

Көптеген адамдар әртүрлі себептермен бас тартуды жақсы көрмейді: басқалармен қарым-қатынасты бұзып алудан қорқады, әдепсіз болып көрінгісі келмейді және т.б. Сондықтан олар көптеген басқа адамдардың істерін өз мойнына алады. Нәтижесі - үнемі шаршағандық сезімі. Біз сізді ешқандай жағдайда әріптестеріңіз бен достарыңызға көмектесуді тоқтатуға шақырмаймыз. Бірақ сіздің мойныңызға отырудың орнына, сізден шынымен көмек сұрайтынына көз жеткізіңіз.   

Өзіңіздің шыдамдылығыңызды жаттықтырыңыз 

Ешкімде табиғаттан тыс қабілеттер жоқ. Таңғы бесте ешқандай қиындықсыз оянатын немесе марафонды ешқандай қиындықсыз жүгіріп өтетін адамдар – өзінің ерік күшін және шыдамдылығын жаттықтырады, сонымен қатар біртіндеп өзін жаңа жүктемелерге үйретеді. Сіз де солай жасаңыз – барлығын бірден жасап үлгеруге тырыспаңыз, тапсырмалар санын біртіндеп көбейтіңіз. Осылайшы сіздің ағзаңыз жүктемелерге бейімделе бастайды, ал сіз үнемі шаршағандықты сезінбейтін боласыз. Істердің көп мөлшері стресс болуын тоқтатады және күнделікті жұмысқа айналады.   

Pomodoro техникасы 

Уақытты басқару техникаларының бірін қолданыңыз. Олар жеткілікті көп, ең танымалының бірі Pomodoro техникасы болып табылады: 

  1. Тапсырманы таңдаңыз. 
  2. Таймерді 25 минутқа қойыңыз (25 минут бір «қызанақ» болып саналады). 
  3. Осы уақытты тапсырмаға арнаңыз - алаңдамаңыз. 
  4. 25 минут жұмыстан кейін үзіліс жасаңыз (5 минутқа). 
  5. Тапсырманы аяқтағанға дейін 2, 3 және 4 тармақтарды қайталаңыз. Төрт «қызанақтан» кейін (100 минут) ұзағырақ демалу ұсынылады – 20-25 минутқа. 

Осы техниканы орындаңыз, сіз айтарлықтай демаласыз, ал шаршағандық сезімі сізді алаңдатпайтын болады.   

Демалыс және дене жаттығулары туралы ұмытпаңыз 

Кішігірім жүгіру сізге ақыл-ой жүктемесінен демалып қана қоймай, өз ойларыңызды тәртіпке келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ демалыс туралы да ұмытпаңыз. Кешті сүйікті кітабыңызды оқумен өткізіңіз, пикникке барыңыз, массажға барыңыз. Кей кезде,  қалыпты жағдайға оралу үшін, сіз аздап тыныштықта болуыңыз керек - телефонды өшіріңіз, біраз уақыт істер туралы ұмытып, жай ғана демалыңыз.  

Маманның кеңесін алыңыз 

Кей кезде шаршау өзінің шарықтау шегіне жетеді – сол кезде тек қана дұрыс күн режімімен, тұрақты демалыспен және істерді дұрыс жоспарлаумен оларды жеңе алмайсыз. Сізге тиісті дәрілік препараттарды тағайындайтын маманның кеңесін алу қажет.  

Барлығына үлгеру мүмкін емес. Бірақ дұрыс көзқарас кезінде – көп нәрсеге үлгеруге болады.   

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.