Мельдонийдің қасиеттерінің арқасында, Милдронат® жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің әртүрлі бұзылыстарын емдеу, миды қанмен қамтамасыз ету, сондай-ақ дене және ақыл-ойдық жұмыс қабілетін арттыру үшін қолданылады.
Миокардтың жіті ишемиялық зақымдануы жағдайында мельдоний некротикалық аймақтың түзілуін баяулатады, оңалту кезеңін қысқартады. Жүрек жеткіліксіздігінде миокардтың жиырылуын арттырады, жаттығуларға төзімділікті арттырады, стенокардия ұстамаларының жиілігін төмендетеді. Ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылуларында ишемия ошағындағы қан айналымын жақсартады, ишемиялық аймақтың пайдасына қанның қайта бөлінуіне ықпал етеді. Неврологиялық бұзылулар жағдайында қалпына келтіру кезеңіндегі дене және интеллектуалдық функциялардың қалпына келтіру процесіне оң әсер етеді.
Сілтеме:
Инструкция по применению препарата Милдронат®;
В.Я. Дзерве, И.Я. Калвиньш. МИЛДРОНАТ® В КАРДИОЛОГИИ, Обзор исследований, Рига 2013 год;
З.А. Суслина, Т.Н. Федорова. Хронические цереброваскулярные заболевания: клиническая и антиоксидантная эффективность Милдроната. Врач. 2007. № 4;
М.М. Танашян, М.Ю. Максимова, А.А. Шабалина, П.А. Федин, Р.Б. Медведев, Т.А. Болотова. Хронические формы нарушений мозгового кровообращения и нейропротекция: клиническая эффективность применения мельдония (Милдронат). Журнал неврологии и психиатрии им. С.С. Корсакова, 2020, т. 120, № 10;
В.Н. Шишкова. Новые возможности оценки эффективности вторичной профилактики ишемического инсульта в терапевтической практике. Consilium Medicum. 2019; 21 (2).