Сұрақ – Жауап

  • Неге Милдронат® 250 мг?

    Милдронат ® 250 мг дене және ақыл-ой жүктемелері кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіре отырып, ағза жасушаларында энергетикалық алмасуды оңтайландырады, туындайтын артық жүктемелерге қарамастан жігерлі және сергек болуға мүмкіндік береді.

  • Препарат кімге арналған?

    18 жастан асқан ересектерге.

  • Милдронат ® 250 мг қандай жағдайларда қолдану қажет?

    Милдронат ® 250 мг келесі жағдайларда қолдану қажет:
    - Жоғары ақыл-ой және дене жүктемелері кезінде;
    - Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі;
    - Концентрация мен ейіннің төмендеуі;
    - Жадының төмендеуі;
    - Дене шыдамдылығының төмендеуі;
    - Шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелерінен кейінгі әлсіздік пен шаршау.

  • Милдронат® 250 мг қалай қабылдау керек?

    Күніне 2 капсула. Барлық дозаны таңертең бір дозада немесе 2 қабылдауға бөліп қолданады.
    Қолдану курсы: 4-6 апта. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.

  • Психоэмоционалды шымадан тыс жүктемені қалай анықтауға болады?

    Ашушаңдыққа шағымдар, жинақталудың мүмкін еместігі, қоршаған ортаға және өзіңе көңіл толмау, әлсіздік, ұйқысыздық, бас ауруы, бұлшықеттердің, буындардың ауруы.

    Шамадан тыс жүктемелер дене және психологилық жайсыздық сезіміне алып келеді, адамдарға толыққанды өмір сүруге және алға қойған мақсаттарға қолжеткізуге кедергі келтіреді.

  • Милдронат® 250 мг рецептсіз сатыла ма?

    Иә, Милдронат® 250 мг дәрілік заты рецептсіз босатылады.

  • Милдронат® 250 мг күннің қай уақытында қабылдаған дұрыс?

    Милдронат® 250 мг күннің бірінші бөлігінде қабылдау ұсынылады, себебі ағзаға сергітетін әсер береді.

  • Милдронат® 250 мг басқа дәрілік заттармен бірге қолдануға бола ма?

    Иә, мельдонийді ұзақ әсер ететін нитраттармен және басқа да антиангинальды дәрілермен, жүрек гликозидтерімен және зәр айдайтын препараттармен бір мезгілде қолдануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, оны антикоагулянттармен, антиагреганттармен, антиаритмиялық агенттермен және микроциркуляцияны жақсартатын басқа препараттармен біріктіруге болады. Барынша егжей-тегжейлі нұсқаулықта.

  • Егде жастағы адамдар Милдронат ® 250 мг қабылдай ала ма?

    Иә, өйткені егде жаста науқастарда төмендетілген жұмыс қабілеттілігі айтарлықтай жиі байқалады. Алайда қарсы көрсетілімдерге, ықтимал дәрі-дәрмектердің өзара әрекеттесуіне және нұсқаулықтағы басқа да ескертулерге назар аудару керек.

  • Астения деген не?

    Астения (грек. - әлсіздік, күштің болмауы), аурулардың халықаралық классификациясының
    анықтамасы бойынша, бұл «үнемі жалпы әлсіздікті,шаршаудың жоғарылауын (кез-келген жүктемекезінде), сондай-ақ жұмыс қабілеттілігініңтөмендеуі». Мұндай сезімдер көбінесе бұлшықет пен бас ауруы, бас айналу, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, демалуға қабілетсіздікпен жиі үйлеседі.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.