Студенттердің күнделікті өмірі – біз оқу үлгерімін арттырамыз 

Дұрыс ұйқы сіздің басты артықшылығыңыз 

Емтихан алдында түнімен дайындалу әдеті; ертең 8:00-де сабақта болу керек кезде көңіл-көтеру ниеті – барлық уақыттағы студенттерге толыққанды ұйқыға уақыт табу қиын болатын. Осыдан келіп – зейіннің шашыраңқы болуы, жаңа ақпаратты қабылдамау және, салдарынан, - оқу пәндері бойынша оқу үлгерімінің төмендеуі туындайды.   

8-сағаттық ұйқыға қалай уақыт табуға болады? Жұмыс күндеріндегі уақытыңызды нақты шектей біліңіз: 8 сағат — ұйқы үшін, басқа 8 – оқуға, ал қалған 8 сағат – демалуға және басқа істерге. Есіңізде болсын, қандай да бір басқа нәрсе үшін ұйқыдағы сағатты «ұрлауға» болмайды.    

Гаджеттерге тәуелділікке «жоқ» деп айтыңыз 

Бүгінгі студенттер - Y ұрпағының өкілдері - өз өмірлерін гаджеттерсіз және интернетсіз елестете алмайды. Бұл әрқашан қолында болатын өзіндік сүйеніш түрі. Жаңа ақпаратты есте сақтаудың қажеті жоқ - Google бәрін есіңізге салады.   

Не істеу керек? Кітапханада қағаз оқулықтарын алып, тек өз біліміңізге сене бастау керек пе. Сонымен бірге —шпаргалка жазу керек. Дайын нәрсені жүктеп алу емес, қолмен жазу.  Сіз талдау жасай отырып,  ең бастысын таңдауды үйренесіз және бір нәрсе жазған кезде - сіз оны қалайда есте сақтайсыз. Бірақ емтихандарда шпаргалкаларды пайдалану – тіпті міндетті емес. Не үшін? Сіз онсыз да бәрін біліп алдыңыз.   

Спортпен айналысыңыз 

Дене жүктемелері — басыңызға демалыс берудің жақсы әдісі. 5 минут қана бұрын білген нәрсе есіңізде емес деп ойласаңыз – 10-15 минут жүгіріңіз. Немесе жай ғана спорттық қадаммен таза ауада серуендеп қайтыңыз.    

Паркинсонның бірінші заңы 

Паркинсонның бірінші заңы бойынша, жұмысқа жіберілген барлық уақытты толтыру үшін жалпы жұмыс көлемі әрдайым арта түседі. Оқушылар бұл қағиданы үлкен ықыласпен ұстанады. Мысалы, егер студент диплом жазуға бір ай бар екенін білсе, онда жазудың бүкіл процесіне бір ай кетеді, яғни тапсырмаға назар аударудың орнына, жастар уақытты босқа өткізеді.   

Не істеу керек? Бала кезіңізде ата-анаңыздың сізге не атқанын есіңізге түсіріңіз: «Сорпа ішпесең – шоколад алмайсың»; «Бөлмеңді жинастыр – содан кейін футбол ойнауға бар».   

Наразылық білдірсеңіз де, не айтса, соны жасадыңыз.  

Енді сіз ынталандыруды өз бетіңізше табуға тура келеді. Егер сіз оқу тапсырмасын тез және тиімді орындасаңыз, онда өзіңізге ұнайтын нәрсе жасаймын деп уәде беріңіз.    

Егер ешнәрсе көмектеспесе – көмекке жүгініңіз 

Егер,  сіздің жұмсаған барлық күш-жігеріңізге қарамастан, сіз әлі де оқуға көңіл бөле алмасаңыз, онда сізде психоэмоционалды шамадан тыс жүктеме болуы мүмкін. Бұл көбінесе сессия кезінде орын алады. Бұл жағдайда сіз ақыл-ой жүктемелерімен күресуге мүмкіндік беретін дәрі-дәрмекті тағайындайтын маманға хабарласуыңыз керек.   

Жоғарыда келтірілген кеңестер сізге оқу тапсырмаларымен тиімді айналысуға және сонымен бірге организмді сергек ұстауға мүмкіндік береді.   

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.