Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі ұмытшақтықпен, зейіннің бұзылуымен, есте сақтаудың нашарлауымен, жалпы әлсіздікпен және де тіпті апатиямен сипатталады. Заманауи адамдарда бұл жайттар – өте кең таралған жағдай, бұл жылдам өмір қарқынымен, жиі болатын стресстермен физикалық және ақыл-ой жүктемесімен, көп мөлшердегі ақпараттар ағымымен шарттастырылған. Мұндай патологияны жеңудің бірнеше жолдары бар – өзіңнің өмір салтыңды қалыптандыру мен жұмысқа қабілеттілікті арттыратын дәрі-дәрмектерді қабылдау. Нені және қалай істеу керектігін әрі қарай қарастырайық.
Миды жұмыс істеуге мәжбүрлеу
Адамның миын, бұлшықеттері сияқты, шынықтыруға болады және шынықтыру қажет: ол неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым жақсы жұмыс істейді. Тұрақты ақыл-ой жүктемелері нейрондық байланыстарды нығайтып, олар еске сақтау қабілетін жақсартады және зейін қою қабілетін арттырады. Миды шынықтыру үшін арнайы жаттығуларды жасап, сөзжұмбақтарды шешіп, математикалық есептерді шығаруға, шет тілдерін оқуға, өлеңдер немесе әндерді жаттауға болады.
Үстелде ойнайтын ойындар да өте пайдалы – олар тактиканы, зейін қоюды және зеректілікті дамытады. Миды күнделікті тұрмыста да жұмыс істетуге болады: калькуляторды пайдаланбай есептеңіз, сатып алуға қажетті азық-түлік тізімін есіңізде сақтаңыз, телефон нөмірлерін есте сақтаңыз және тағы сол сияқтылар. Тағы бір әдіс – мидың қызметін жақсартатын дәрі-дәрмектерді қабылдау.
Дұрыс тамақтану
Мидың жұмыс істеуіне қанттың қажет екендігін өте жиі, әсіресе шоколад жарнамаларында, естуге болады. Бұл сөзде шындық бар, бірақ аз қозғалату салтын ұстанатын адамдар үшін тәтті тағамдар – бұл артық салмаққа апаратын тікелей жол. Себебі қант – бұл тез сіңірілетін көмірсу. Сондықтан ақыл-ой қызметін атқаратын тұлғаларға құрамында глюкоза, табиғи крахмал мен дәрумендері бар тағамдарды тұтынған жөн: тәтті жемістер, жаңғақтар, кептірілген жемістер, бал, сірне, үйеңкі шәрбаты, бұршақтар, пісірілген картоп, күріш, қара нан және т.б. Бұл тағамдар ақырын сіңіріліп, энергия бірнеше сағатқа жетеді.
Қалыпты рационға байланысты айтатын болсақ, дұрыс тамақтанудың жалпы ережелерін ұстаныңыз: қуырылған, майлы тағамдар, пісірілген нан, газдалған сусындарды аз пайдаланып, балық, ет өнімдерін, жемістер мен көкөністер, сүт өнімдерін көбірек тұтынған жөн. Сондай-ақ жұмысқа қабілеттілікті арттырып, ми мен есте сақтауды жақсартатын дәрі-дәрмектер көмекке келеді.
Сусындарды да дұрыс таңдау маңызды. Жәй суды (әр сағатта бір стақаннан) ішіңіз – ол сусызданудан, соның ішінде ми жасушаларын, қорғайды, бұл тез шаршау мен жұмысқа қабілеттілікті жоғалтуға әкелуі мүмкін. Жақсы сергітетін сусын болып есептелетін кофе, шын мәнінде бізге таңертең оянуға көмектеседі, бірақ кофеин – мидың жұмысын жақсартатын үздік әдістердің бірі емес. Таңдауыңызды көк шәйға, нәрсуға, балғын шырындарға бұрыңыз.
Сапалы демалу
Жұмысқа қабілеттілікті жоғалту – шамадан тыс жұмыс істеудің логикалық салдары, сондықтан ойлау үрдісі үшін дұрыс ұйықтау мен толыққанды демалу өте маңызды. Күн тәртібі сақтаңыз. Мамандар күнделікті бір уақытта оянып, бір уақытта ұйықтауға, күніне 7 сағаттан кем емес ұйықтауға, әрдайым таза ауада серуендеуге, бөлмелердің ауасын тазартуға (тек қана үйде емес, жұмыс орынанда да), жұмыс уақытында мүмкіндігінше үзілістер жасауға, міндеттерден көңіл сергітуге кеңес береді.
Демалыс күндері миды «қайта іске қосуға» сүйікті іспен айналысу, хобби, орманға серуен, саябақтағы серуен, пикник және т.б. көмектесе алады. Қызықты бос уақыт жұмыстан демалуға және келесі жұмыс аптасына энергиямен қуаттандаруға көмектеседі.
Жұмысқа қабілеттілікті арттырудың жалпы ережелері:
- Күйзелістерден аулақ болыңыз, жанжалды ситуацияларға байсалды қарауды үйреніңіз.
- Дәрумендер қабылдаңыз. Күзде және қыста тұтынатын тағамдарда дәрумендер жеткіліксіз болғандықтан, арнайы дәруменді-минералды кешендерді қабылдаңыз.
- Спортпен айналысыңыз. Таңғы жаттығу, жүгіру, йога, фитнес, жүзу – физикалық белсенділік ағзаның тонусын арттырып, көңіл күйді көтереді.
- Зиянды әдеттерден арылыңыз. Алкоголь мен никотин жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді.
- Кітап оқыңыз, спортпен айласыңыз, шет тілдерін оқыңыз, достарыңызбен және туыстарыңызбен араласыңыз. Жақсы көңіл-күй мен жүйелі жаттығулар әрдайым нәтижелі болуға мүмкіндік береді.