Жұмыс қабілетінің төмендеуі: формаған қалай оралуға болады? 

Жұмыс қабілетінің төмендеуін көп жағдайда күйзелістермен немесе артық жүктемемен байланыстырады, алайда себебі оларда болмауы да мүмкін.  Жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуі аурудың салдары, ұйқы және тамақтану режімінің өзгеруінің нәтижесі болуы мүмкін. Тақырыпқа деген қызығушылықтың жоғалуы, алаңдатушы факторлардың  пайда болуы, жасқа байланысты немесе гормоналды өзгерістер де еңбек өнімділігіне  әсер етеді. Жоғары, қарқынды белсенділіктен кейін адамның қалыпты жұмыс қарқынына оралатын жағдайды жұмыс қабілетінің төмендеуі деп санау қате. Шын мәнінде, еңбек нәтижесі жұмсалған күш пен кейінгі шаршауға сәйкес келмеген кезде ғана тиімділіктің нақты төмендеуі туралы айту керек. 

Жұмыс қабілетінің төмендеуі қашан қалыпты деп саналады?  

Тірі адам, машинадан айырмашылығы, тәулігіне 24 сағат тұрақты жұмыс жасауға қабілетті емес және күшін қалпына келтіру үшін үзілістерді қажет етеді.Концентрацияның кейбір төмендеуін еңбек қызметі басталғаннан кейін 4-5 сағаттан соң байқауға болады. Бұл жұмыс орындарының көпшілігінде түскі үзілістің пайда боу себептерінің бірі.  Шамамен 40 минут демалғаннан кейін, адам тағы да 3-4 сағат сапалы және тиімді жұмыс жасауға қабілетті, одан кейі қайтадан ақыл-ой жұмысының қабілеті біртіндеп төмендеуі байқалады.  12 сағаттық ауысым ұзақтығы кезінде екі үзіліс қарастырылған, алайда жұмыс күнінің соңғы үштен бірі сонда да азырақ өнімді болады, өйткені шаршағандық жинақталып, толық қалпына келу үшін бір сағаттық демалыс жеткіліксіз.    

Физикалық жұмыс қабілетінің күнделікті төмендеуі шамамен бірдей сызбаға сәйкес келеді, бірақ физикалық шаршаудың жинақталуы адамның спорттық формасына байланысты. Біреу бір-бір жарым сағаттан кейін қарқынын төмендетеді, біреу бүкіл ауысымда тұрақты жұмыс істейді. Физикалық жұмыста әрекеттердің дағдыланғандығы мен өз күшіңді есептей білу де маңызды. Станоктардағы кішігірім физикалық жұмыс бір уақытта мұқияттылықты, концентрацияны, дәлдікті және шыдамдылықты, ал ауыр жүк жұмыстары – берік бұлшықеттер мен сіңірлерді, тепе-теңдің сезімін қажет етеді. Және, әрине, ауысымның соңында жұмыс қабілетінің төмендеуі – алаңдауды қажет етпейтін заңды нәтиже: шаршағандықты сергектікпен және қайтадан еңбек етуге даярлықпен ауыстыру үшін, тамақтану, денені босаңсыту және ұйқыны қандыру жеткілікті.  

Ауырған кезде физикалық және ақыл-ой қабілеті уақытша төмендейді, сондықтан асырқаттану кезінде жұмыс істеу денсаулыққа зиянды ғана емес, сонымен бірге тиімсіз болып табылады. Әрине, ең жауапты істерді жігердің күшімен аяқтауға болады, бірақ бұл асқынуларға және қалпына келтірудің ұзақ кезеңіне әкелуі мүмкін. Денедегі қабыну процесі болған кезде жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуіне байланысты алаңдамауға болады. Дене барлық бос ресурстарды инфекциямен күресуге жұмсайды.    

Менструация сонымен қатар жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуіне әкелуі мүмкін, өйткені жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты ауырсыну, қан жоғалту, гормоналды фондағы ауытқулар денеге айтарлықтай салмақ түсіреді. Сирек жағдайларды қоспағанда, әйелдердің өздері де еңбек тиімділігінің мерзімді төмендеуін байқайды, олар қиын күндерде тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көп күш жұмсайды.    

Жұмыс қабілетінің қауіпті төмендеуі 

Егер демалыс күш пен концентрацияны қалпына келтіруге көмектеспесе, жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуі алаңдатушылық тудыруы тиіс. Мысалы, егер шаршау күннің бірінші жартысында пайда болса және түскі үзілістен кейін кетпесе. Егер түнгі тынығу және сегіз сағаттық толыққанды ұйқы әдеттегі өнімділікті қайтармаса, одан да қауіпті. Бұл жағдайдың бірнеше себебі болуы мүмкін:   

  • ауыр созылмалы ауру; 
  • депрессия; 
  • эмоционалды шаршау және жұмысқа қызығушылықты жоғалту; 
  • өмір сүру салтын күрт өзгерту, диета; 
  • ұжыммен қағанаттанарлықсыз қарым-қатынас; 
  • кейбір дәрілік заттарды қабылдау. 

Жұмыс қабілетінің ұзақ мерзімді төмендеуінің тағы бір себебі — жас ерекшелігі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қазір қарт адам 60 жастан асқан адам болып саналады. Осы санға жеткеннен кейін жұмысқа қабілеттілік еріксіз жас өзгерістерге байланысты жұмыс қабілеті төмендеуі мүмкін. Алайда, тіпті мұндай жағдайда да, ақыл-ой мен физикалық форманы ішінара қалпына келтіруге және көптеген жылдар бойы жоғары деңгейде ұстауға болады.     

Жұмыс қабілеті төмендеген кезде не істеу керек?  

Біріншіден не істеу керек, тиімділіктің ұзақ мерзімді төмендеуін немесе өте қатты шаршау байқалған кезде – өзіңіздің жай-күйіңізге талдау жасауыңыз керек. Нақты қызмет саласына қатысты жұмыс қабілетінің ұзақ мерзімді төмендеуі өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді. Егер әдеттегі жұмысты орындау өте қиын болса, онда мамандықты өзгерту туралы ойлануға болады. Егер залға бару бұрынғыдай қуаныш әкелмесе, сіз бассейнді, биді немесе командалық спорт түрлерін қолдана аласыз. Егер отбасымен қарым-қатынас жалықтыратындай жағдайда болса, демалуға мүмкіндік табу керек – бала күтушіні шақыру, қиындықтың неде екенін талдауға мүмкіндіктің болуы үшін жалғыз демалысқа кету. Егер энергияның шамадан тыс тұтынылуы ұжымдағы улы қатынастардан туындағаны белгілі болса, онда сіз өз салаңыздағы жаңа жұмыс туралы ойлануыңыз керек.   

Сыртқы себептердің қатысы жоқ екенін анықтай отырып, қорқудың қажеті жоқ. Қажет:   

  1. Жылдам шаршау шағымымен терапевтке жүгіну. 
  2. Эндокринологқа бару және қалқанша безінің гормондарына талдаулар тапсыру. 
  3. Жалпы зәр мен қан талдауларын тапсыру. 
  4. Неврологқа бару. 
  5. Психиатрға бару. 

Бірлесіп күш салу арқылы мамандар жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне не себеп болғанын анықтайды, және ең қолайлы ем тағайындайды. Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, оның себептері денсаулыққа байланысты емес, ақыл-ой, сол сияқты физикалық өнімділікті арттыруға бағытталған жұмысты бастау керек дегенді білдіреді.    

Жұмысқа қабілеттілікті қалай қалпына келтіруге болады?  

Жұмысқа қабілеттіліктің ұзақ мерзімді төмендеуі мансапқа ғана емес, денсаулыққа да зиян тигізеді. Апатия және проблемаларды бұрынғыдай қарқынмен шеше алмау күйзелісті тудырады, жүйке шиеленісі ұйқыға, жүрек пен қан тамырларының жұмысына, тәбетке және иммунитетке теріс әсер етеді. Бастапқыда денсаулыққа қатысты проблемалар болмаса да, олар үнемі шамадан тыс жұмыс аясында басталуы мүмкін. Сонымен қатар, ерік-жігердің де шекаралары бар, егер сіз шыдау арқылы үнемі жұмыс жасасайтын болсаңыз,  депрессия дамуы мүмкін.   

Ағзаға жұмыс қабілетін қалпына келтіруге жағдай жасауға таза ауада серуендеу, көркем кітаптар оқу (мақалалар мен жазбаларды емес), тұрақты дене шынықтыру, шетел тілін тыңдау немесе тілдерді үйрену, қолмен хат жазу, сурет салу, саздан мүсін жасау көмектеседі. Дамуды бастамас бұрын, ұйқы режімін реттеу, тағам мөлшерін теңдестіру және ешқандай пайда әкелмейтін барлық қажетсіз жүктемелерден бас тарту дұрыс шешім болады. Күнді мұқият жоспарлау керек, мүмкіндігіне қарай - шамадан тыс жұмыс жасамау үшін тапсырмалардың бір бөлігін басқаларға тапсыру, және міндетті түрде өзіңізбен жеке уақыт өткізу.  Мұндай тәсіл шамадан тыс жұмыстан кейін жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге және белгісіз себептермен төмендеген өнімділікті арттыруға көмектеседі.  

Қалпына келтіру кезінде жүрек-қан тамыру жүйесіне қолдау көрсететін құралды да таңдаған жөн. Тиімді препарат жұмысқа қабілеттілік төмендеген кезде, соның ішінде жасушаішілік алмасу процестерін түзету есебінен, жүктемелерді жеңе білуге көмектеседі.    

Жұмысқа қабілеттілік біртіндеп көретілетін болады, сондықтан бірден өзіңізден жоғары нәтижелер күтудің керегі жоқ. Тек жүйелі, баяу, бірақ тұрақты даму шынымен айтарлықтай нәтиже береді.    

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.