Созылмалы шаршау синдромының не екенін және одан арылу жолдары туралы айтамыз.
Тұрақты әлсіздік пен ұйықышаңдық, зейіннің нашарлауы, жаман көңіл-күй – таныс жағдай ма? Әрине, мұндай қалжырау-шаршау жағдайы ауыр жұмыс аптасынан кейін де болуы мүмкін. Бірақ демалыс күндері болып, бірақ қайта қалыпқа келу мүмкін болмаса, бұл мәслені шешу қажет – өздігінен бұл мәселе шешілмейді.
Астения дегеніміз не?
Астения – бұл күнделікті мағынадағы аурудың атауы емес, ағзада болып жатқан ақаулардың белгісі болып табылады. Ол тұрақты шаршаумен, әлсіреп қалумен, зейін мен концентрацияның төмендеуімен сипатталады. Астениясы бар адамдар тез ашуланғыш және әлсіз болып келеді, ұйқысы қанбайды.
Кейде астения белгілері тұмаудың басталу белгілеріне ұқсас болып келеді – температура көтеріліп, жарықтан қорқу мен кенеттен шыққан дыбыстарға сезімталдық болады, тәбет төмендейді. Бірақ вирустық инфекцияларға қарағанда, симптомдар ұзақ сақталып, ал төсек тартып жату режімі қайта қалыпқа келуге көмектеспейді.
Астения немесе шаршау: айырмашылығы
Ағза күйзеліс пен шаршаудан кейін бірнеше күннің ішінде қалыпқа келеді. Мысалы, егер адамда ауыр жұмыс аптасы болса, демалыс күндері ұйқыны қандыру, дүйсенбі күні сергек әрі жақсы көңіл-күйде болу үшін жеткілікті.
Бірақ егер күйзеліс пен шиеленіс адал серігіңізге айналса, онда екі күн ішінде ағза демалып үлгермейді. Шаршағандық жинақталып, нәтижесінде қайта қалыпқа келуге екі апта да жеткіліксіз болуы мүмкін.
Астения, зорығумен салыстырғанда, физикалық менесе ақыл-ой жүктемесінің нәтижесі болып табылмайды және демалыстан кейін жоғалмайды.
Астения себептері
Нормаланбаған жұмыс кестесі. Мысалы, адам 9-дан 18-ге дейін жұмыс істеуі керек, бірақ нақты жағдайда жұмысқа 8-де келіп, ал 21-де кетеді, кейде тіпті жұмыс күндері де жұмыс істейді.
Жоғары жүктеме. Қауіпті топқа бірнеше жұмысты қатар алып жүретіндер жатады: жұмыс пен оқу, балалардың тәрбиесі, спортзал, ойын-сауық пен өзін-өзі дамыту. Мұндай тығыз графикте адамның демалатын уақыты болмайды.
Жұмыстағы үздіксіз күйзеліс. Мысалы, егер адам жұмысқа соғысқа бара жатқандай күйде барса, ал онда оны аврал мен қатаң басшы күтіп отырса. Мұның барлығы психологиялық жағдайға әсер етіп, астенияға алып келеді.
Демалыстың болмауы. Адамға ол болмаса жұмыс орнында барлығы құрдымға кететіндей, сондықтан жылына бір рет бір аптаға ғана демалыс алған дұрыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ ағза бір жылдық күйзелістен мұндай қысқа мерзім ішінде арыла алмайды.
Жеткіліксіз тамақтану. Бізге өмірге энергия табу қажет. Бірақ толыққанды түскі ас орнына біз кофе мен шоколадты тіске басатын болсақ, ағза қажетті күш алатын энергия таппайды.
Әрине, қдайы күйзеліс пен жұмыс режимінде бір апта немесе бір ай көлемінде өмір сүретін болсақ, ағзада болып жатқан өзгерістерді байқамауға болады. Бірақ шаршағандық жинақтала басталса, ал қайта қалыпқа келуге ресурс табылмаса, онда шаршау басталып, астения пайда болады.
Кейде ол қандай да бір аурумен бірге пайда болады. Мысалы, егер адам уланып қалса, ағза бар күшін сауығуға жұмсап, қайта қалпына келуге ресурс қалмайды.
Менде астения. Не істеуім қажет?
Әрине, өзін өзі емдеумен айналысудың қажеті жоқ. Тек маман ғана нақты не болып жатқанын анықтай алады. Сізде астенияның болу-болмауын анықтау үшін маманның көмегіне жүгініп, анализдер тапсыру қажет.
Емделу үшін, астенияның барлық себептерін жою қажет – дұрыс тамақтану, көбірек демалу, жұмыс немесе отбасымен байланысты емес істермен айналысу керек.
Инфекциядан кейінгі астения дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады
Маусымдық салқын тигеннен болатын арулар туралы барлығы дерлік біоледі. Бақытына орай, адамдардың көпшілігі алдын-алу шараларымен таныс және жедел респираторлық инфекцияны (ЖРИ) болдырмау мүмкін болмаса, дәрігерге қаралады, бірақ ықтимал асқынулар туралы
Созылмалы шаршау кезінде көмектесетін 4 қарапайым кеңес
Үнемі әлсіздік, ұйқышылдық, ашуланшақтық және жаман көңіл-күй – кез келген жұмыс істейтін адамның қалыпты жағдайы сияқты. Әсіресе қазір, қыста, айналасындағылардың бәрі сұр, және денеде дәрумендер мен күн сәулесі жетіспейтін кезде.
Күзде шаршауды сезудің 4 себебі
Бір ай бұрын терезенің сыртында күн жарқырап, жылы және құрғақ болатын, ал қазір біртіндеп күн суытып, жаңбыр мен сұр күндер басталады. Бұнымен бірге көптеген адамдар өздерін жайсыз сезіне бастайды –
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.