Жұқпалы аурулар кезіндегі астения деген не екенін айтамыз

Вирустық инфекция кезінде ең қорқынышты нәрсе – бұл жоғары темпратура, жөтел, мұрыннан су ағу немесе бұлшықеттердің сырқырауы болып көрінеді. Егер осы белгілер жойылатын болса, онда ағза сауығады.  

Бірақ кейде вирустық инфекцияның өзі (мысалы, тұмау, ЖРВИ немесе коронавирус), және қалпына келтіру кезеңі әлсіздікпен, дімкәстікпен және күштің азаюымен бірге жүреді. Мұндай жағдай инфекциядан кейінгі астения деп аталады. 

1. Астения деген не?

Жалпы астения - бұл әдеттегі мағынада ауру емес,ал жағдай. Астения кезінде адам үнемі шаршау мен күштің төмендеуін сезінеді, зейінін, концентрациясын және есте сақтау қабілетін жоғалтады.  

Сонымен бірге қалжыраудан немесе әдеттегі шаршаудан айырмашылығы, адамның жай-күйі демалғаннан кейін де жақсармайды. 

Астениясы бар адам ашуланшақ, енжар болады, ұйқысы қанбайды.

2. Ол неліктен пайда болуы мүмкін?

Жалпы, астения ағзаның шамадан тыс жүктелуінен— мысалы, нашар өмір салтынан, толық күйзеліс пен зиянды тағамнан толы немесе үнемі шамадан тыс жұмыс істеу және демалыссыз өмір сүруден пайда болады.   

Сондай-ақ, астения көптеген аурулармен бірге жүреді — улану мен асқазан-ішек ауруларынан бастап ЖРВИ, тұмау, гепатит немесе коронавирус сияқты жұқпалы және вирустық ауруларға дейін.

3. Вирустық және жұқпалы аурулар кезінде және одан кейін астенияға не әкеледі?

Міне кейбір себептері.

  • Жалпы әлсіреу. Вирустармен күресте ағза айтарлықтай шығындарға ұшырады — иммунитеттің төмендеуінен және микроэлементтердің жетіспеушілігінен бастап көптеген органдар мен жүйелердің функцияларының бұзылуына дейін.
  • Ағзаның интоксикациясы. Вирустар токсиндерді шығарады, соның салдарынан бүкіл ағза мен жүйке жүйесі зақымдалуы мүмкін. Қалпына келтірілгеннен кейін токсиндер миға әсер етуді жалғастырады, бұл әлсіздік, бас ауруы және астенияның басқа белгілерінің себебі болуы мүмкін.
  • Дәрі-дәрмектерді қабылдаудан болатын жанама әсерлер. Кейбір препараттар қан жүйесіне, бүйрекке, бауырға және басқа асқазан-ішек ағзаларына  нашар әсер етуі мүмкін. 
  • «Жете емделмеген ауру». Егер адам толық емделмеген болса және аздап жақсарғаннан кейін бірден жұмысқа немесе оуқа баратын болса, ағзаға түсетін  жүктеме артады.

Осы себептерге күйзелісті, фаст-фудтың көптігімен және дене белсенділігінің болмауымен нашар өмір салтын қосыңыз — және нәтижесінде ағзаның  өміршеңдігінің әлсіреуіне қол жеткізесіз. Мұның бәрі инфекциядан кейінгі астенияға әкеледі.

Нәтижесінде, астенияның салдарынан адамның иммунитеті қалпына келмейді, және оның вирустық инфекцияны (кез келген басқа ауру сияқты) қайта жұқтыруы мүмкіндігі бар. 

4. Астенияның вирустық инфекциялар кезінде қандай белгілері бар?

Жалпы, кез келген басқа себептер бойынша ағзаның әлсіреуі кезіндегідей себептер:

  • Шаршағандық. Адамның өнімділігі төмендейді - бұрын бір сағат уақытыңызды алған жұмысты орындау үшін сіз енді бір күн дерлік уақытыңызды жұмсауыңыз мүмкін. Сонымен қатар шаршағандық ұзақ демалғаннан кейін де кетпейді.
  • Жүйке жүйесінің бұзылуы. Астениясы бар пациенттер ұмытшақ, тежелген болып келеді, олардың есте сақтау қабілеті нашарлайды және мұқияттылығы төмендейді.
  • Эмоционалдық бұзылулар. Оларға, мысалы, көңіл-күйдің күрт өзгеруі жатады - агрессия мен ашудан мазасыздыққа, апатияға және өзін төмен сезінуге дейін.
  • Ұйқының бұзылуы. Бұл жиі түнгі ояну, нашар ұйықтау және ұйқысыздық та, сол сияқты кейін адамның әлі де ұйықтағысы келетін ұзақ ұйықтау да болуы мүмкін. 
  • Физикалық көріністер. Оларға тәбеттің төмендеуі, терлеудің жоғарылауы, қысымның жоғарылауы, бас ауруы және үйлесімділіктің жоғалуы жатады.

Кейде астенияның көрінісі вирустық инфекцияның басталуына ұқсас болып келеді  — температура көтерілуі мүмкін, жарықтан қорқу және өткір дыбыстарға сезімталдық пайда болады, тәбет төмендейді  

5. Астения кезінде қалай қалпына келуге болады?

Жалпы, ауру кезінде шаршау және күштің төмендеуі (және одан кейін біраз уақыт) — бұл ағзаның сауығуына және қалпына келуіне байланысты өтетін жалпы құбылыс.

Ал егер бұл жағдай айтарлықтай ұзақ уақытқа созылса (бірнеше ай немесе одан да көп) және кетпесе, дабыл қағу керек. Ең алдымен, бұны қарапайым шаршау деп ойлаудың, немесе одан да бұрын жою керек болатын жалқаулық ұстамасы емес деп ойлаудың қажеті жоқ.  

Әрине, өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Өзінің жай-күйін тексеру үшін адам дәрігерге мүмкіндігінше тезірек барып, онымен не болғанын анықтауға көмектесетін тексеруден өтуі керек.

Сонымен қатар, вирустық инфекциядан кейін дененің тез қалпына келуі үшін  еңбек пен демалыс режімін ұйымдастыруға болады — мысалы, өзіңізді аз жұмыспен жүктеп, көп серуендеу. Дұрыс тамақтануды бастау, қалыпты жаттығулармен айналысу (жаттығу, созылу немесе йога) және иммунитетті нығайту маңызды. 

Ағзада су теңгерімін қолдау және токсиндерді шығару үшін көп сұйықтық ішу маңызды болып табылады. 

Денеге көмектесу үшін дәрумендерді немесе арнайы препараттарды қабылдауға болады, мысалы:

  • Жүрек-тамыр жүйесін қолдайды. Инфекциядан кейінгі астениямен жүрек шекті деңгейде жұмыс істей бастайды, және осыған байланысты оттегінің жетіспеушілігі пайда болады. Құрамындағы мельдонийдің арқасында Милдронат® 250 мг жасушалардың жеткізілуі мен оттегіге қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіреді, жасушаларда улы метаболикалық өнімдердің жиналуын жояды, оларды зақымданудан қорғайды.
  • Жүйке жүйесін ынталандырады. Милдронат® 250 мг орталық жүйке жүйесін ынталандырады және қозғалыс белсенділігі мен физикалық төзімділікті арттырады.
  • Иммундық жүйені қалпына келтіруге және асқынудың даму қаупін азайтуға көмектеседі.
  • Жақсы төзімді және басқа терапиямен үйлесімді келеді. 

Осы қасиеттерінің арқасында Милдронат® 250 мг оның ішінде физикалық және психикалық өнімділікті арттыру үшін де қолданылады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.