Психикалық өнімділікті және ақыл-ой еңбегінің өнімділігін арттыру

Повышение умственной работоспособности и продуктивности умственного труда

Өзіңізді ақыл-ой жүктемелеріне үйретіңіз   

Мұны жасаудың ең жақсы тәсілі бұл – мүлдем жаңа хоббу табу. Сіз гуманитарлық факультетте оқыдыңыз ба? Бағдарламалауды бастаңыз. Сіз техникалық мамансыз ба? Өлеңдер жазыңыз немесе әлеуметтік жобаларды іске асырыңыз. Біз әлдебір жаңа нәрсені меңгерген кезімізде, біздің ақы-ой қабілеттеріміз белсене түседі.   

Миға «жаттығу»  ұйымдастырыңыз 

Кезекке тұрсаңыз, жұмысқа бара жатсаңыз — ойда көп таңбалы сандарды көбейтіңіз және бөліңіз. Интернеттен «Мишада бес алма болды...» сериясындағы тапсырмаларды тауып, оларды шешіңіз. Біртіндеп барынша күрделі тапсырмаларға көшіңіз. Ең бастысы, өзіңізді алдыңызға мақсат қойыңыз - күнделікті өзіңізге «ақылға арналған бес минут» ұйымдастырыңыз. 

Ақпаратты жеңілдетіңіз және визуализациялаңыз 

Күрделі ақпаратты қарапайым ақпарат ретінде елестетіңіз. Жоспар жазыңыз немесе ойлар картасын (mind map) жасаңыз. Ойлар картасы идеялар мен міндеттерді көрнекі түрде елестетуге, демек оларды жеңіл есте сақтауға мүмкіндік береді.    

Тапсырмаларды түрлендіруге тырысыңыз 

Егер сіз күн сайын тек күнделікті тапсырмаларды орындаумен айналыссаңыз, онда сіз миыңызды пассивтілікке үйретесіз. Тапсырмалар тек автоматты түрде  орындалады, сізден белсенді ақыл-ой жұмысын талап етілмейді. Нәтижесінде, сізге шығармашылық шешім табу, жаңа мәселені түсіну және т.б. қажет болған кезде — сіз оны жылдам және сапалы орындай алмайсыз. Сіз берілген сызба бойынша жұмыс істеуге дағдыланғансыз және одан барлық ауытқулар сіз үшін күйзеліс болып саналады.   

Бұған қалай жол бермеуге болады? Тапсырмаларды түрлендіру үшін барлық күш-жігерді жұмсаңыз. Егер кәсіби қызметте осылай істеу мүмкіндік болмаса, онда күнделікті өмірде нұсқаларды белсенді іздеңіз. Отбасылық мереке тұжырымдамасын ойлап табыңыз. Балаларға немесе достарға оқуға көмектесіңіз. Нұсқалар көп.   

Зейгарник әсері  

Бұл психологиялық әсер, оған сәйкес адам соңына дейін жеткізгеннен гөрі аяқталмаған істерді есте жақсы сақтайды. Бұл әсер көп тапсырмалы режімнің дәрменсіздігін айқын көрсетеді: бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу арқылы, сіз жаңа тапсырмаға назар аудара алмайсыз, өйткені сіз алдыңғы тапсырма туралы ойлауды тоқтату қолыңыздан келмейді. Осы жерден қорытынды: әрқашан бір тапсырмаға назар аударыңыз, содан кейін ғана келесісіне өтіңіз.   

Ақыл-ойға арналған тағам 

Шпинат темірге бай. Сұлы жармасының құрамында Е дәрумені бар. Жаңғақтар ежелден бас миының жұмысын белсендіретін қоректік өнім болып саналады. Сондай-ақ қолайлы дәрі-дәрмектерді таңдауға болады, мысалы, «Милдронат® капсулалары 250мг» препараты жадыны жақсартады, ойлау процестерін жеделдетеді және сіздің жұмыс қабілеттілігіңізге жағымды әсер етеді.  

Әрқашан демалуға уақыт қалдырыңыз  

Күн барысында өзіңізге қысқа демалыс беру маңызды. Осылайша сіз істеріңізге жаңа күшпен ораласыз. Ұзақ демалу туралы да ұмытпаңыз (20-30 минут), оны маңызды тапсырманы аяқтағаннан кейін ұйымдастыру ұсынылады.  

Біреуге  серуенге шығу демалуға көмектеседі, біреуге -  медитация, ал біреу сәл көз шырымын алғанды ұнатады. Тек сізге не ұнайтынын өзіңіз ғана білесіз.   

Сізге нәтижелі күн тілейміз! 

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.