«Ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігін қалай арттыруға болады?», «Өнімділікті қалай арттыруға болады?», «Физикалық жұмысты қалай оңай жеңуге болады?» - бұл сұрақтар көптеген адамдарды толғандырады. Бүгін біз сізге ақыл-ой және физикалық жүктемелерді тиімді жеңуге қалай көмектесуге болатындығын айтамыз.
«Ақпараттық диетаны» ұстаныңыз
Әрине, сізде күн сайын қарайтын танымал әлеуметтік желілерде профильдеріңіз бар екені сөзсіз. Жол-жөнекей сіз достарыңыздың репосттарына, қоғамдық жаңалықтарға, жарнамаларға, бір сөзбен айтқанда, сіз үшін маңызы жоқ ақпаратқа алаңдайсыз. Мұның бәрі сіздің миыңызды ластап, ақпараттың шамадан тыс жүктелуіне әкеледі. Ақпаратты сүзгіден өткізуді үйреніңіз — сіз үшін пайдасыз қауымдастықтардан бас тартыңыз; күніне 20+ репост жасайтын достарыңыздың жаңалықтарын оқымаңыз және ойланыңыз - сізге барлық әлеуметтік желілердегі аккаунттардың қажеті бар ма, жоқ па? Бәлкім, екі, көп дегенде үш профильмен шектелу керек шығар?
Көп мәселелік режімнен бас тартыңыз
Халық даналығы айтады: «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді». Бұл жұмыс, оқу және жаттығу үшін әділетті болып келеді. Барлығын бірден жасауға тырыспаңыз - тапсырмалар мен спорттық іс-шаралар жоспарын жасаңыз. Көп нәрсені қалай болса солай жасағанша, бір нәрсені жақсы жасаңыз. Осылайша сіз өз өнімділігіңізді арттырып қана қоймай, шамадан тыс ақыл-ой мен физикалық жүктемелерден аулақ боласыз, өйткені сіз жұмыстың қарқындылығы мен ұзақтығын жоспарлайтын боласыз.
Өз мүмкіндіктеріңіздің шегін біліңіз
Физикалық жаттығулармен бәрі қарапайым: жаттықтырушымен кеңесіңіз, жүрек соғысын өлшегішті қолданыңыз, жүктемені біртіндеп арттырыңыз — сіз өзіңіздің физикалық төзімділігіңіздің шегін білесіз және үнемі жаттығу жасай отырып, оны арттыра аласыз. Ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігі мәселесінде сіз тек өзіңізге ғана сенуіңізге тура келеді. Сізді өзіңізден басқа жақсы ешкім білмейді. Ойланыңыз, сізге жұмысты орындау қай кезде оңай - таңертең, күндіз немесе кешке? Күннің қай уақытында сіз шаршағандықты сезесіз? Қандай тапсырмаларды, мысалы, шығармашылық немесе күнделікті тапсырмаларды күннің бірінші жартысында жеңіл орындайсыз ба, ал екіншісі жартысында қайсысын оңай орындайсыз? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, сіз өз ресурстарыңызды ұтымды бөле аласыз, яғни – ақыл-ой жүктемелерімен жұмыс жасау сәтті болады.
Өзіңізге дәрумендерді немесе медикаменттерді таңдап алыңыз
Мысалы, С витаминінің арқасында сіз сергек және энергияға толы боласыз. Ал «Милдронат® капсулалары 250 мг» препараты жұмыс қабілетін қалпына келтіруге және психикалық және физикалық шамадан тыс жүктемені жеңуге көмектеседі. Сіз алдын-алудың дұрыс құралдарын өзіңіз таңдай аласыз, бірақ маманмен кеңесу сенімдірек.
Физикалық белсенділікті ақыл-ой белсенділігімен кезектестіріңіз
Кітап оқи отырып, жүгіруден демалуға болады. Және керісінше – жаттығу ақпаратты жақсырақ меңгеруге көмектеседі, басыңыздың демалуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, физикалық және ақыл-ой қызметін қалыпты түрде үйлестіруге болады, мысалы, жаңа би қимылдарын ойлап табу. Бұл сізді сергектік пен жақсы көңіл-күйге бөлейтін шығармашылық белсенділік.
Өзіңізг «қайта жүктеуді» ұйымдастырыңыз
Компьютер қатып қалған кезде сіз не істейсіз? Дұрыс, оны қайта жүктейсіз. Егер сіз өзіңізді шамадан тыс жұмыс істегеніңізді сезінсеңіз және істерге көңіл бөле алмасаңыз - өзіңізге «қайта жүктеуді» ұйымдастырыңыз. Жұмыстан демалыс алыңыз, күнді өзіңізге ұнайтын етіп өткізіңіз - серуендеңіз, оқыңыз, ұйқыңызды қандырыңыз.
Жоғарыда келтірілген кеңестерді орындай отырып, сіз өз ағзаңызға ақыл-ой және физикалық жүктемелерді тиімді жеңуге көмектесе аласыз.