Өзін-өзі оқшаулаудың жаңа шындықтары мен біздің денсаулығымыз

Новые реалии самоизоляции и наше здоровье

Қалалық жерде, әсіресе мегаполисте ұзақ уақыт өмір сүру, ауылдық жерде өмір сүрумен салыстырғанда, өзімен-өзі біздің денсаулығымызға жүктеме салатыны құпия емес. Әл-ауқатымыздың негізгі компоненті – ауадан бастап, біз жасушаларымызды,  олардың өмір сүруі мен тиімді метаболизмін қамтамасыз етуге қажетті оттегі көлемімен қамту мүмкіндігінен айырыламыз.  

Пандемияға байланысты қалалық пәтерде өзін-өзі оқшаулаудың жаңа шындықтары біздің алдымызға жаңа талаптар қояды. Бүгінгі күні үйде қалу – біздің басты міндетіміз, себебі бұл қажеттілікке қаншалықты түсіністікпен қарайтынымызға эпидемиологиялық және медициналық қызметтер жұмыстарының сәттілігі байланысты. Сонымен қатар, сіз бен біз өзімізге және жақындарымызға қамқор болуымыз керек. Күнделікті өміріміздің жаңа шарттарына жауапкершілікпен қарап, бұрыңғымен салыстырғанда қазіргі уақытта денсаулығымызға едәуір ықпалын тигізетін қауіп факторларын уақытылы түсініп, оларды залалсыздандыруға тырысуымыз керек:

  • Гиподинамия

Үй жағдайында орындалуы қиын белсенді және қажетті қозғалыстардың болмауынан, біздің метаболизм жылдамдығы азая бастайды.

  • Артық тамақтану

Тоңазытқыш пен плитаның тәулік бойы қолжетімді болуы, зерігу, эмоциялар мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі, жалпы қызбалық – ең төзімді тұлғаларды да артық тамақтануға мәжбүрлейді. Өкінішке орай, психологиялық тәттіге деген қажеттілікті арттырады.

  • Күйзеліс

Шұғыл дабыл жаңалықтар, жұмыс бойынша жүктеменің артуы немесе жұмысты жоғалту, белгісіздік, қорқыныш, жалғыздық немесе достармен және жақын адамдармен әдеттегі байланыстың болмауы, бірден көптеген адамдарда қоғамдағы жалпы қауіп фонын арттырады, оған әр адам өздігінше жауап береді.

  • Дезадаптация

Тұрмыс пен жұмыстың жаңа көптеген шарттарының жылдам пайда болуы, оған адамдардың физикалық және психологиялық бейімделіп үлгермеуі.

  • Күн тәртібінің бұзылуы

Жұмыс орнының әрдайым қолжетімді болуы, бір уақытта жиналып, жұмысқа бару қажеттілігінің болмауы ояну мен ұйықтау ритмін бұзып, жұмыс уақытын күн мезгілі ішінде «жоғалтады». Көптеген адамдар қашықтықтан жұмыс істеу көбірек шаршататынын байқады.

  • Гипоксия

Алдамшы көктемгі күн терезе мен балконды ашуға шақырып тұрады, ол үйдің ауасын жаңартуға қажетті. Бірақ біз оны ұзақ уақытқа ашып қоя алмаймыз, себебі даладағы ауа-райы әлі суық және біз оны мұрынның бітелуімен байқауымызға болады. Бүгінгі күні біз айналамызда бар қалалық ауаның оттегісіне де қол жеткізе алмай қалып отырмыз. Сондай-ақ белсенді бұлшықет жұмыстарының болмауы салдарынан біз, бұрыңғымен салыстырғанда, азырақ және терең емес демаламыз.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.