Вирустық аурулардан кейін қалай қайта қалпына келуге болады?

Как восстановить силы после вирусных заболеваний

Емдеуші дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз

Емдеуші дәрігердің барлық ұсыныстары мен жазбаларын қатаң сақтаңыз. Егер сізге физиотерапия немесе басқа да процедураларды жазып берсе – сеанстарды өткізіп алмаңыз. Вирустық аурумен ағып болған соң медициналық ұйымда ұзағырақ жатқымыз келеді. Есте сақтаңыз, ұсыныстарды қаншалықты дұрыс орындауыңызға тікелей сіздің денсаулығыңыз маңызды.  

Жасұныққа бай тағамдарды пайдаланыңыз

Жасұнық — бұл иммунитеттің азығы. Рационыңызға жасұныққа бай тағамдарды қосыңыз (қырыққабат, авокадо, мейіз. Өрік, ақ нан, ақ нан, кебек).

Қажетті витаминдер мен медикаменттерді таңдаңыз

Вирустық аурудан кейін организмде дәрумендер жетіспейді. Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін қажетті дәрумендерді таңдаңыз, мысалы: С дәрумені иммунитетті нығайтуға көмектеседі, D дәрумені сүйектер мен тістерге пайдалы, ал А дәрумені көру қабілетін жақсартады.

Сонымен қатар сіз – қайта қалыпқа келтіруге және жұмыс қабілеттілігін ұстап тұратын дәрілік құралдарды таңдауыңызға болады.

Өзіңізге қуаныш сыйлаудан бас тартпаңыз

Сүйікті асыңызды ішіңіз – калория туралы ойламаңыз. Сүйікті орындаушыңыздың концертіне барыңыз немесе қызықты саяхатқа барыңыз – уақытты аямаңыз.

Өзіңізге жұмсақ болыңыз – Рахат сыйлайтын әрекеттерден бас тартпаңыз. Себебі олар сіздің көңіл-күйіңізге оң әсерін тигізеді.

Қосымша жүктемелерге «жоқ» деңіз

Вирустық аурудан кейінг қалпына келу кезеңі – сіз үшін физикалық та, психологиялық жоспарда да  өте ауыр. Бұл уақытта қатаң диета ұстаудың, экстрималды спорт түрлерімен айналысудың, қосымша жұмыс алудың және т.б.  қажеті жоқ.

Спортты сүйіңіз

Жоғарыда атап өткендай, қалпына келу уақыты кезінде экстремалды спорт түрлерімен айналыспаған жөн, бірақ сізге таңертең тұрып жүгіруге, велосипедпен серуендеуге немесе бассейнге жазылуға ешкім кедергі келтірмейді. Бұл және басқа да спорт түрлері сізге көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды.

Достарыңыз бен жақындарыңыздың жанында болыңыз

Атақты мақалда айтылғандай: «Үйде қабырғалар емдейді». Ал егер үйде тек қана қабырға емес, әрдайын сізді қолдауға дайын  жақын адамдар болса, қалпына келу үрдісі жеңіл әрі ауырсынусыз өтеді. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізді жақсы көреді және әрдайым қамқорлық білдіруге дайын – қазіргі уақытта біз үшін ең қажеттілер.  

Өзіңізге жаңа мақсат белгілеңіз

Өміріңізде жаңа қызықты іс-әрекет пайда болсын, сіз оған уақыт бөле алатын: блог жүргізуді бастаңыз, аспаздық курсттарына жазылыңыз, программалау қабілеттерін үйреніңіз – барлығы сіздің қалауыңыз мен армандарыңызға байланысты.

Жаңа мақсат өміріңізді қызықты әрі қанық қылады, оның көмегімен оңалту  жағымсыз жағдай болып көрінбейді.

Егер сіз белсенді болсаңыз, емдеуші дәрігердің ұсыныстарын орындасаңыз, жоғарыда айтылған кеңестерді қабылдайтын болсаңыз, вирустық аурудан кейін жылдам уақыт аралығында қалпыңызға келесіз.

Сізге мықты денсаулық пен өзіңізге сенімділік тілейміз! 

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.