Демалыс маусымынан кейін қатарға қалай оралуға болады

Демалыстан кейін жұмысқа орала отырып, өзіңді шаршаған, солғын және қалжыраған сияқты сезінуің мүмкін – және бұл ұзақ демалыс кезінде демалып та, жаңа күш пен әсерлер жинап та үлгергеніңізге қарамастан. Мұның бәрі жаз мезгілінің аяқталуымен, демек тұнжыраған күздің басталуымен, және ештеңе жасағың келмейтінімен күрделене түседі.   

Жақсы жаңалық: жұмыс қабілетінің төмендеуін және нашар көңіл-күйді жеңуге болады. Бұл үшін қарапайым кеңесті орындау қажет – олармен төменде бөлісеміз.   

1. Өмірді алуан түрлі ету 

Жұмыс күндеріне оралу көбінесе зерігуге қайтып оралумен бірдей. «Үй-жұмыс-үй» тәртібіне батып кетпеу үшін, өз күндеріңізге аздап әртүрлілік қосып, өзіңізге қамқорлық жасауды ұмытпауыңыз қажет. Сұлулық салонына бару, шопинг, жұмыстан кейін кофемен серуендеу - бұл үшін сізге үлкен қаражат пен уақыт қажет емес, бірақ мұндай ұсақ-түйектер жақсы көңіл-күй сыйлайды және бояуларды өмірге қайтарады.   

Өмірді алуан түрлі етуге көмектесетін тағы бір идея - жаңа хобби. Сурет салуды, қандай да бір музыкалық аспапта ойнауды немесе тоқуды үйренудің уақыты келді. 

2. Күн тәртібін қайта қарау  

Көбінесе демалыстан кейін қандай-да бір жолмен жасалуы керек көптеген істер жинақталады. Осыған байланысты күн тәртібінің бұзылу қаупі бар – демалысты «кейінге қалдыруды» бастау, қобалжу, іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істеу немесе бір уақытта көптеген жұмыстарды (жұмыс, оқу, отбасы, спортзал және ойын-сауық) біріктіру. Мұндай стресстік кесте шаршауға, энергияны жоғалтуға және күйзелістерге әкелуі мүмкін. Ұзақ демалғаннан кейін де денені қалпына келіп үлгермейді.   

Сондықтан мұндағы шешім қарапайым - күніңізді сағат-сағатымен бөліп қою міндетті емес, бірақ оны үш маңызды бөлікке ойша бөлуге болады: жұмыс, жеке уақыт және ұйқы. Бұл тапсырмаларды орындауға, күш-қуатын қалпына келтіруге және сонымен бірге өзің туралы ұмытпау үшін қажет.   

3. Дене белсенділігін қосу 

Егер сіз бұған дейін спортпен айналыспаған болсаңыз, бірден жүгіріп барып спортзалға бір жылдық абонемент сатып алу керек дегенді білдірмейді. Сіз әдеттегі кешкі мезгілде немесе демалыс күндері серуендеуден, онлайн-сабақтар бойынша созылу немесе йога жаттығуларынан бастай аласыз. Кез-келген күнделікті белсенділік сәйкес келеді - сіз дүкенге немесе жұмысқа жаяу баруға, баспалдақпен көтерілуге, итпен серуендеуге, үстелден мезгіл-мезгіл тұруға, жаттығу жасауға және дәлізде жүруге болады.   

Дене белсенділігі бұлшықеттерді созуға, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйелерінің жұмысын жақсартуға көмектеседі – нәтижесінде жұмыс қабілеттілігін і арттырады және көңіл-күйді жақсартады 

4. Тамақтану туралы ойлану 

Көп жағдайда шаршау мен шамадан тыс жұмыс дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайды, олардың көпшілігі ағзаға тамақ арқылы беріледі. Сондықтан, кем дегенде, тағам мөлшеріне D дәрумені бар тағамдарды көбірек қосу керек – ол ультракүлгін сәулелердің әсерінен денеде синтезделеді. Күзде күн аз болғандықтан,  D дәруменінің жетіспеушілігін балықтың (мысалы, скумбрия, ақсерке, майшабақ), бауырдың, жұмыртқаның, сүттің, саңырауқұлақтардың көмегімен толтыра аласыз.   

Әрине, сөрелерде әлі де көп болатын маусымдық көкөністер мен жемістер туралы ұмытпау керек – қызанақ, қияр, асқабақ, кәді, саңырауқұлақтар, жүзім, анар және тағы басқалар. 

5. Дәрігерге қаралу 

Кейбір жағдайларда шаршау, ашуланшақтық және нашар көңіл-күй ағзаның жаздан күзге ауысуының көрінісі болмауы мүмкін, дұрыс диагноз қойылмаған немесе соңына дейін емделмеген, соның ішінде ауыр аурудың белгісі болуы мүмкін.   

Сондықтан жағдай толыққанды демалғаннан немесе өмір ырғағын өзгерткеннен кейін де өзгеріссіз қалса, бұл маманға жүгінудің және өзін-өзі емдеумен айналыспаудың сенімді белгісі екенін білдіреді. Ол қажетті диагностика жүргізеді, шаршағандықтың себебін анықтайды. Қосымша арнайы препараттарды қабылдауға болады – мұндайға Милдронат ®250 жатады. Ол қолдау көрсетеді: 

  • жүрек-тамыр жүйесіне. Күйзелік және шаршау кезінде жүрек шекті деңгейде жұмыс істей бастайды және оттегінің салыстырмалы жетіспеушілігі пайда болады. Құрамындағы мельдонийдің арқасында Милдронат ®250 оттегінің жасушаларға жеткізілуін жақсартады, ал оңтайлы тұтыну миокард жасушаларының зақымдану қаупін азайтады.   
  • жүйке жүйесіне. Милдронат ®250 орталық жүйке жүйесін ынталандырады және қозғалу белсенділігін және дене төзімділігін арттырады.  

Милдронат®250 препаратын қабылдағаннан кейін ағза жүктемелерге барынша төзімді келеді және энергияны жылдамырақ қалпына келтіреді.  

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.