Ақыл-ой белсенділігін қалай арттыруға болады?

Как повысить умственную активность

Ақыл-ой белсенділігі түсінігі өзіне есте сақтау, сараптау, мәліметтерді құрылымдау қабілеттерін, сонымен қатар ақпаратты әртүрлі жағдайларда пайдалану, соның ішінде – уақыт шектеулі болған жағдайда, түсініктерін біріктіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, жоғары ақыл-ой белсенділігі бар адам көбірек және жақсырақ есте сақтайды, аналогияларды тез келтіреді, көп мөлшерлі мәтіндердегі басты ойды тез анықтайды және бар барлық білімді тез пайдалана алады, сондай-ақ алынған тәжірибе нәтижесінде тұжырымдар жасап, кәсіби салада да, өмірде де бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. 

Неліктен ақыл-ой белсенділігі төмендейді?

Туа біткен ақыл-ой белсенділігі адам дамуына аз мөлшерде әсер етуі мүмкін, ал оқу үрдісі өте көп мөлшерде талдау мен синтез қабілеттерін арттырады, сонымен қатар есте сақтауды жақсартады. Балалық шақта адамдар жылдам үйренеді, жақындары мен таныс емес адамдардан мәліметтерді ала отырып, бақылап, тәжірибе жасай отырып, үлкен көлемді  ақпараттарды, өзінің және басқаларды тәжірибесін қабылдайды. Мектепке тапсыру уақытында баланың көптеген ақпараттар қоры бар, ал әрі қарай оқу үрдісі аналитикалық қабілеттерді дамытып және параллельді – есте сақтауды шынықтыруға бағытталады. Белсенді оқу  үрдісі ЖОО-да, содан соң жұмыс орнында алғашқы айларда жалғастырылады. Содан кейін үзіліс орын алады – негізгі дағдылар қабылданып алынды, өмір салтын сақтауға қажетті көптеген іс-әрекеттер автоматты түрде орындалады. Ал белсенді пайдаланылмайтын білім мен дағдылар уақыт өте келе – қажеттілігінің жоғалуына байланысты естен шығарылады. 

Ақыл-ой белсенділігінің төмендеуінің екінші себебі күнделікті өмір салтымен байланысты:

  • Шылым шегу, алкоголь;
  • Ұйқының қанбауы мен ұйқы режімінің болмауы;
  • Физикалық белсенділіктің болмауы;
  • Жанды байланыс үлесінің азаюы;
  • Дұрыс құрастырылмаған тамақтану рационы;
  • Күйзелістік орта

Осы аталған барлық факторлар когнитивті қабілеттердің бәсеңдеуіне әкеліп, уақыт өте келе нейронды байланыстардың жойылуына әкеледі. Және де кейбір зиянды әдеттер мидың органикалық зақымдануына әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде ақыл-ой белсенделігін өте төмендетеді.

Сақтау және көбейту

Ақыл-ой белсенділігінің көрсеткіштерін мектеп пен ЖОО деңгейіне қайта келтіруге мүмкіндік бар, оқу үрдісіндегі үлкен үзіліс пен көптеген негативті факторларға қарамастан, - бастау үшін мотивацияның мен өзін-өзі дамыту жұмыстары кезіндегі тәртіптің болуы жеткілікті. Ақыл-ой белсенділігін арттырудағы бірінші көмекші болып – оқу табылады. Нені оқитындығы маңызды емес: шет тілдерін оқуға немесе сурет өнерінің тарихымен танысуға, спортпен шұғылдануға және психологиялық тренингтердің ерекшеліктерін талдауға, жаңа мамандықты игеруге немесе қосымша білім алуға болады. 

Жүйелі түрде жұмыс істеу өте маңызды, зиянды әдеттердің әсерін минимизациялап, демалуды ұмытпау қажет. Бастапқы уақытта өзіңмен жұмыс қиын әрі жалықтыратын болуы мүмкін, ми минимум күш салуға дағдыланып қалған.   Өзін-өзі дамыту, еңбек пен демалыс режимі, мидың жұмысын органикалық деңгейде жақсартатын препараттарды қабылдауды ұштастыружаңа саладағы жетістіктерге жылдам жетуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа дағдыларды үйренуге ынталандырады. Нәтижесінде ақыл-ой белсенділігі үнемі артып, жұмыс қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, жас ерекшелігіне байланысты болатын дегенаривті өзгерістердің алдын алады. 

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.