Спортзалда тиімді жаттығудың құпиялары 

Секреты эффективных тренировок в спортзале

Спортзалға барған кезде сіз алдыңызға қандай мақсат қойғаныңыз маңызды емес — бұлшықет массасын жинау, форманы сақтау, арықтау немесе басқа нәрсе. Тиімді жаттығудың бірнеше қарапайым құпиялары сізге кез келген жағдайда пайдасын тигізеді. 

  1. Жаттықтырушымен жаттығыңыз. Тіпті егер сіз әлеуметтік желілерде жүздеген спорттық роликтерді көрсетңіз де, Нұсқаушы сізге жаттығулар бағдарламасын жасайды, негіздерін түсіндіреді, жаттығуларды орындаудың дұрыс техникасын көрсетеді және оңтайлы жүктемені анықтауға көмектеседі. Барлық уақытта жаттықтырушымен айналысу міндетті емес, бірақ жаттығудың алғашқы екі-төрт аптасы – өте қажет.   
  1. Жаттығулардың қарқындылығын қадағалаңыз. Спорттық күнделік жүргізіңіз. Бұл дәптердің болуы міндетті емес – смартфондарға арналған көптеген қосымшалар бар.   
  1. Әлеуметтік желілерде жаттығулар нәтижелерімен, өзіңіздің алған әсерлеріңізбен, суреттеріңізбен, жақын уақытқа арналған спорттық мақсаттарыңызбен бөлісіңіз. Бұл қосымша ынталандыру болады. Сіздің жетістіктеріңізді басқа адамдар бақылаған кезде – сіз өзіңізге жеңіл берілуге мүмкіндік бермейтін боласыз.   
  1. Ұран тастаңыз. Өзіңізге қарсылас табыңыз. Бұл сізбен спортзалға бірге баратын досыңыз болуы мүмкін, немесе қол жеткізген нәтижелерді онлайн режімінде салыстыра алатын виртуалды қарсылас болуы мүмкін. Бәсекелестік элементі әрқашан жетістіктерге қолжеткізуге ықпал етеді. Маңыздысы: шамадан тыс тырыспаңыз! Жүктемені біртіндеп ұлғайту және өз ағзаңыздың жай-күйіне үнемі бақылау жасау аса маңызды екенін есіңізден шығармаңыз.   
  1. Ұйқыңызды қандырыңыз, дұрыс тамақтаныңыз және жаттығуға тамаша көңіл-күймен келіңіз. Ұйқының қанбауынан және дұрыс емес тамақтану салдарынан пайда болуы мүмкін ағзаның қажуы – сіздің жаттығуларыңыздың жауы. Толыққанды ұйқы мен салауатты тамақтың маңыздылығын есіңізден шығармаңыз. Сәтті жаттығу үшін өзіңізді тәтті тоқашпен марапаттамаңыз. Алкогольдің мөлшерін азайтыңыз (ал шын мәнінде – жаттығулар кезеңінде ол туралы мүлдем ұмытыңыз). Егер сіздің көңіл-күйіңіз жоқ болса (жалқаулықпен шатастырмаңыз) – жаттығу тиісті пайда әкелмейді.  Әрбір спорттық жаттығуға өзіңізді бейімдеңіз, өзіңіздің спорттық мақсаттарыңызды қайталаңыз және сіз бүгін кешегідег гөрі жақсы болатындығыңызды есіңізден шығармаңыз.   
  1. Жылдам нәтижелер күтпеңіз. Тренажер залына баратын әрбір адам өзі жасаған жаттығулардың максималды нәтиже бергенін қалайды. Бірақ жаттығуллар – жылдам нәтижелер күтуге болатын нәрсе емес. Сіздің алдыңызда сіздің мақсатыңызға жетелеутін көптеген сағаттық жаттығулар тұр. Біртіндеп орын алатын прогрестің жақтаушысы болыңыз, оның жемістері сізбен ұзақ уақыт қалатын болады. Жылдам әсер алуға тырыспаңыз.   
  1. Есіңізде болсы, жаттығулардағы ең басты нәрсе – олардың тұрақтылығы. Жаттығулар кестесінен ауып кетпеңіз, жалқаулыққа бой алдырмаңыз. Егер сіз бір жаттығуды жіберіп алсам ештеңе етпейді деп ойласаңыз – онда сіз бұның алдында жұмсалған барлық күшіңізді жоққа шығырасыз. Біз бәріміз адамбыз – біз кей кезде ешнәрсе жасағымыз келмейді, бірақ кейбіреулер жеңіл беріледі, ал кейбіреулер өзін қолға алып, жаттығуларды жалғастырады.     

Жаттығулар сәтті болсын!  

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.