Адам ағзасы - қоршаған ортаның өзгеретін жағдайларында өзінің бейімделу механизмдерінің кең спектрінің арқасында өзінің өміршеңдігіне қолдау көрсетуге қабілетті өзін-өзі реттейтін бірегей жүйе. Соңғы онжылдықтарда айналамыздағы әлем айтарлықтай үдеріспен өзгеруде, және біздің бейімделу ресурстарымыз да әрқашан тез толықтырылып үлгермейді. Қазіргі заманғы адам, техникалық прогрестің барлық жетістіктеріне және тұрмыстық жайлылықты қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктердің артуына қарамастан, үлкен жүктемені бастан кешіруде.
Бүгінгі таңда біз өө өмірімізде көптеген рөлдерді қатар атұарамыз, олардың әрқайсысында біз әрдайым табысты және тиімді болуға тырысамыз. Біз өз энергиямызды жұмыстағы жетістіктер үшін және оның қиыншылықтарына қарсы тұру үшін жұмсаймыз, көп мәселелік жағдайында біз назарымызды тез ауыстырып, тапсырмаларды орындау қарқынын төмендетпестен интеллектуалдық тұрғыдан білуіміз керек. Біз өз энергиямызды жақындармен және туыстармен өзара қарым-қатынастарды қолдау үшін, балалармен ойнауға және бұған мұқтаж адамдарға күтім жасауға жұмсаймыз. Біз өзімізге және үйіміздегілерге жайлылықты, молшылық пен тоқшылықты қамтамасыз етеміз, бұл біздің қауіпсіздікке деген негізгі қажеттілігіміз. Біз өзіміздің физикалық денемізді жақсы ұстауымыз керек, ол үшін уақытты да, күш-жігерді де табуымыз керек. Бұл ретте өзіміздің энергиямызбен күн сайын қамтамасыз етуіміз тиіс міндеттер мөлшері сондай үдеріспен жұмсалатын өз ресурстарымыздың мүмкіндіктерінен жиі асып түседі.
Өз денсаулығымызға тиісті дәрежеде көңіл бөлуге және бейімделу резервтерін бір кездері емделмеген соматикалық аурулардың, созылмалы инфекция ошақтарының және біздің негізгі қорғанысымыз – иммунитетті әлсірететін дәрумендердің, микро және макроэлементтердің жетіспеушілігінің құрсауынан азат ете отырып, оларды толықтыруға алдын-ала қамқорлық жасауға уақыт пен күш аз қалады.
Заманауи реалияларда адам ағзасының көптеген органдары мен жүйелері, оның жағдайын қамтамсыз ете отырып, жұмысқа қабілеттілігін қамтып, «арттырылған айналымда» жұмыс істейді. Бұл бейімделі ресурстарының жұмысы болып табылады. Қкінішке орайғ жылдар өткен сайын ағзамыз өзін өзі қалыпқа келтіре алмайды, қазіргі заманғы кез-келген объект сияқты тоза бастайды. Сондықтан ерте ме, кеш пе «Х жағдайы» орын алады, ол әсер ету күші мен жылдамдығы жағынан адамның сол жағдайға бейімделуінен жылдамырақ болады. Мндай жағдай ретінде күйзеліс, салқын тию, инфекцияны жатқызуға болады – бұлар бейімделудің тоқтауымен және ауруға алып келеді. Бір ауру екі түрлі адамдарда екі түрлі өтуі мүмкін - мұнда көп нәрсе патогенді фактор мен адамның қорғаныс механизмдерінің жұмысына байланысты. Кейбіреулер мүлдем симптомдарсыз және аяқта тік жүріп, өмір темпін бәсеңдетпей өткізуі мүмкін. Ал кейбіреулер өте айқын белгілермен және ұзағырақ ауырады, тіпті ресми жазылудан кейін де жағымсыз әсерлер мен шаршағандық белгілерін байқайды. Көп жағдайда қазіргі күні біз әлсіреген иммундық жүйемен ауруларды басымыздан өткіземіз, оған көптеген зиянды факторлар әсер етеді.
Дәл осы факторлар тұрақты шаршау синдромы мен астения сияқты белгілерінің өсе түскен сандарына әсер етеді. Авторлар учаскелік терапевт қабылдауында болған амбулаторлық қабылдаулардың 64% астениялық шағымдар екендігін келтіріп отыр. Тұрақты шаршау синдромы дәрігерлермен жеке патология болып бөлінеді және ғалымдар мен клиницистердің назарын өзіне аударуда. Уақытында түзетілмеген астения бейімделу үрдісінің үзілу факторы болып табылады және тұрақты шаршау синдромының, сонымен қатар басқа да соматикалық аурулардың дамуына алып келеді. Дегенмен ресми ауру парақшасын жаптырған соң адам күнделікті жоғары қарқынды өміріне қайтып келеді, алайда бұл кездеинфекциядан кейінгі астениялық шлейф орын алуы мүмкін, ол ауру белгілері біткен соң белгісіз ұзақ уақытқа дейін сақталады. Бұл реактивті астения деп аталады. Астенияның бұл түріне мамандығы жоғары бейімделу механизмедерін: эмоциялық қысым кезінде назарды әртүрлі бағыттарға аударуды талап ететін жұмыстар (авиадиспетчерлер, синхронды аудармашылар), ұйықтау және сергектік режімі бұзылатын жұмыстар (поезд машинисттері, кезекші медицина персоналы, оперативті қызметкерлер), ұзақ мерзімге созылған, демалыссыз ауыр және жауапты жұмыс, эмоциялық және физикалық сауықтыру болмаған жағдайда («менеджер синдромы», «тығырықтағы ат синдромы», «іштен жану синдромы») талап ететін адамдар көбірек шалдығатыны тегін емес. Заманауи адамға бейімделу резевртерін уақытылы толтырып отыру керектігін түсіну өте маңызды, бұл оған жақсы тірек те болады және де орын алған реактивті астенияны түзетуге мүмкіндік береді. Ол үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
8 сағатты құрайтын, бір уақытта жатып, бір уақытта тұратын тұрақты ұйқы, - осы жағдайда ағза уақытылы демалып, қалпына келтірілуіне бейімделеді.
- Жүйелі теңгерімделген тамақтану.
Қыста және көктем басталған уақытта аз мөлшермен, 3 сағатта 1 рет бөлшектеп тамақтану режіміне өткен абзал. Бұл ағзаны тамақ қажеттілігіне үйретіп, артық қор жинаудан арылтуға көмектеседі.
- Жүйелі және күші жететін жүктемелер
Жүзу, стретчинг, скандинавтік жүріс пен таза ауадағы қарапайым серуендер метаболизмді жақсартып, қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
Жылына бір рет оның ағзадағы деңгейін анықтап, терапевт көмегімен қажетті дозаны белгілеңіз. Әсіресе бұл қыс-күз мезгілерінде өте қажет.
Денсаулыққа қажет болған жағдайда, оған қажетті барлық құрағыш кірпіштердің болуын қамту үшін жылына бір рет, дәрумен, микроэлементтер мен гормоналды фонды зерттей отырып, ағзаны толық диагностикадан өткізуге мүмкіндік табу.
Кез келген бейімсіздену жағдайында ағзаның оптималды энергетикалық тепе-теңдігін сақтау қажет, себебі бұл уақытта ол энергияны әдеттегіден көбірек тұтынады.