Карантин жойылғаннан кейінгі 9 кеңес

9 советов после отмены карантина

Көптеген адамдар таңғаларлық уақытты бастан кешіргенімізбен келісетіні сөзсіз. Адамзаттың көз жетерлік тарихында бір де бір рет жаңа инфекцияның таралуын бәсеңдетудің бір ортақ мақсатымен соншалықты тығыз байланыс болған емес, бұл бізден батылдық пен шыдамдылықтың белгілі бір үлесін, ал медициналық қызметтерден – жанкештілік пен мүмкіндіктер шегінде жұмыс істеуді талап етті.    

Соған қарамастан, біздің алдымызда жаңа сын-қатерді қабылдау және бірнеше ай бойы үйде оқшауланғаннан кейін жұмысқа оралуымызға байланысты бейімсіздіктің кезекті кезеңімен күресу күтіп тұр. Төменде бұған көмектесе алатын бірнеше кеңестерді келтіреміз: 

  1. Жұмысқа шығардың алдында бірнеше күн бұрын режімді қалпына келтіруді бастаңыз, карантинге дейін болғандай бір уақытта жатып, бір уақытта тұрыңыз. Ұйқысыздықпен күресу үшін жұмсақ табиғи құралдарды пайдаланыңыз, түн ортасына дейін күнделікті ұйқыға кетуге қол жеткізіңіз. Таңертең өзіңізге қуат беретін сүйікті музыкаңызды қосыңыз, егер әлі ондай әдет болмаса, бидеу және жаттығу жасау әдетін қалыптастырыңыз.  
  2. Жұмыс күнінің барысында оралғаннан кейін тыныштықта өткізу үшін 10-15 минуттан тұратын бірнеше үзіліс жасаңыз. Оларды көшеде серуендеу үшін пайдалануға тырысыңыз. Егер сіз қажеттілікті сезінсеңіз, осы уақытта жалғыз қалыңыз.
  3. Сонымен бірге өз көңіл-күйіңізге салмақтылықпен қарап, мұқият болыңыз, бұрынғы жағдайларда жаңа жұмыс кезеңінен бастап өзіңізді шамадан тыс жүктемеңіз, сонымен қатар бейімсіздік белгілері пайда болған кезде абыржымаңыз.    
  4. Ұжымдағы позитивті және сергек атмосфераға бейімделіңіз, әріптестеріңізге жатық немесе жақсы көңіл-күй сыйлайтын және сізді дағдылы қалыптан шығармайтын тақырыптарға әңгімелесуді ұсыныңыз. Шамадан тыс жағымсыз ақпаратпен бөліспеуге тырысыңыз. 
  5. Егер сіз ойыңызды айту қажеттілігін сезінсеңіз, міндетті түрде бұны өзіңіз сенім артатын адаммен әңгімелесу кезінде жасаңыз, немесе диктофонға немесе күнделіктегі жазбалармен ауыстырыңыз. 
  6. Мүмкіндігінше осы кезеңде көңіл-күй мен жақсы ассоциация құру үшін, өзіңізге қандай да бір жағымды зат сатып алыңыз. Бұл сүйікті шоколадтан бастап жаңа көйлекке немесе портмонеге дейінгі кез келген нәрсе болуы мүмкін, ең бастысы – сатып алудан сіздің қуанышыңыз. 
  7. Егер сіз бұған дейін жасамаған болсаңыз, жұмысты үйге алуға тырыспаңыз және өз міндеттеріңізді бір күнге немесе бір аптаға жоспарлауға тырысыңыз. 
  8. Дене белсенділігін асықпай, физиологиялық қарқында өсіру үшін жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін еркін қыдыру мүмкіндігін пайдаланыңыз. 

Егер сіз карантин кезінде артық тамақтанған болсаңыз, барынша салауатты тамақтану режімін біртіндеп қалпына келтіру уақыты келді. Көкөністерге, жемістерге және қайтанылған тамаққа артықшылық беріңіз, артық тамақтанудан бас тартыңыз. Егер сізге мұны бірден жасау қиын болса, өзіңізге психологиялық тәуелділік тудырмау үшін, әрі-сәрі болмай, тағам мөлшерінен «зияндылықтарды» алып тастау қажет.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.